Добро пожаловать
Вход / Регистрация

Сот орындаушылардың әрекетіне ашынған тұрғынның оқиғасы

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

URL

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

К сожалению, только зарегистрированные пользователи могут создавать списки воспроизведения.
URL


Добавлено Нотариус

Сот орындаушылардың әрекетіне ашынған тұрғынның оқиғасы

2 Просмотры
Описание

Арнамызға екі кештің ортасында алматылық отбасы "Қыстың көзі қырауда сот орындаушылары баспанамыздан заңсыз қуып жатыр" деп көмек сұрап хабарласты. Сот орындаушыларының әрекетіне ашындым деген үй иесі істің әлі толық аяқталмағанын айтып отыр. Оқиға ортасына тілшіміз барғаннан кейін, сот орындаушылары әрекеттерін тоқтатып, қымбат көліктеріне мініп кетіп қалды.
«Кәусар» шағын кредиттік ұйымынан 4 миллион теңге несие алған алматылық Дүйсенбай Сығаев "үш жылдан бері алаяқтардың әрекетін әшкере ете алмай, соттасып жүрмін" дейді. Өйткені, нотариус баспанасын кепілге емес, сатуға қатысты құжат рәсімдеп берген екен.
АРКЕН КЕНЖЕМОЛДАЕВ, Заңгер:
– Күндердің күнінде бұл кісілерге бірінші үйінен соттан шығару туралы, яғни басқа адамдардың сатып алғандығы туралы хат келеді. Сол кезде біледі, шағын кредиттік ұйымның шарттар жасасқаны туралы.
Бір баспанасы сырттай сатылып кеткеннен кейін, енді шағын кредиттік ұйым Сығаевтың алған берешегін даулап, екінші үйді де сот арқылы өндірмек болып, шағым түсірген. Бірақ Әділет департаменті жылыту маусымы біткенше отбасы мүшелерін шығармау туралы сот орындаушыларына ескертпе қағазын жіберген екен. Оған қоса, жәбірленуші соттың шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсіріпті.
ДҮЙСЕНБАЙ СЫҒАЕВ, жәбірленуші:
– Сот орындаушылар 31 арнаның тілшілері келмегенде, олар мені үйден шығаруға үлкен дайындықпен келген.
Бір үйде екі мүмкіндігі шектеулі азаматтың тұратынын сот орындаушылары білсе де, бірнеше рет үйді босатуды талап еткеніміз рас дейді. Өйткені, соттың шығарған шешіміне сәйкес қана, өз жұмыстарын атқарып жатқандықтарын айтты.
ҚУАНЫШ ТАРПАНОВ, Жеке сот орындаушысы:
– Инвалид не подлежит выселению. Ни в коем случае. Приостанавливается производство до отопительного сезона. Вы же понимаете я исполняю решение суда. То есть это все нужно было обсуждать в судебных заседений.
Осылайша сот орындаушылары қымбат көліктеріне мініп, Сығаевтың есігінің алдына күн жылынғанша келмейміз деп уәде етті. Ал оған дейін жәбірленуші екі үйімді де тартып алмақ болған «алаяқтық топтың» жымысқы әрекеттерін жоғары сотта дәлелдеймін деп бекініп отыр.
Әйгерім Ердәулет, Ринат Әбілқайыров







Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -
Facebook -
Instagram -
Vkontakte -
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#информбюро #басты_жаңалықтар

Написать комментарий